Прокурор Мәсімовке қатысты тергеу аяқталғанын айтты

28 Қыркүйек 2022, 16:46
1761
Бөлісу:
Прокурор Мәсімовке қатысты тергеу аяқталғанын айтты

Парламент Мәжілісінде Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев Кәрім Мәсімов және басқа да күдіктілердің қамауда отырғанын айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі. 

Қазір таңда істі арнайы прокурорлар тергеп жатқан жоқ. Іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінде және ол құпиялылық гриф бойынша жүргізіліп жатыр. Сол себепті іс материалдары жариялануға жатпайды. Осы істі тергеу амалдарына қатысқан белгілі бір прокурорлар тобы бар. Тергеліп жатқан адамдардың бәрі қамауда отыр, ешкім ешқайда кеткен жоқ, – деді Әсет Шындалиев.

Бұл тұрғыда ол қазір істі тергеу аяқталғанын, осы орайда іс-материалдарымен танысу жүріп жатқанын айтты.

Сондай-ақ ол Мәсімовтің ҰҚК тергеп жатқанын, оған «құпия» деген гриф берілгенін атап өтті. Яғни, материалдар жария етілмейді. 

Өзгелердің жаңалығы