Прокуратураның шамасы келмейді. Мектепті 15 млн-ға сатып жіберген - Толықбай

5 Маусым 2023, 12:41
6940
Бөлісу:
Прокуратураның шамасы келмейді. Мектепті 15 млн-ға сатып жіберген - Толықбай
Фото: BAQ.KZ Архив

Үкімет сағатында Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай 250 балаға арналған, жекенің қолына өткен мектептің Алматы облысы Қарасай ауданы Шалқар ауылында орналасқанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ол мектепке соңғы жылдары толығымен капиталды ремонт жасалды. Жаңадан спорт залын салып берді. Бүкіл ауылдың балалары қуанып жүргенде сол ауылдың мектебін жеке қолға сатып жіберді. Кім сатады? Сол жақтағы әкімдік сатады, басқа кім сатады? Ол біреуден алған 15 млн теңгеге сатқан, содан цепочка кеткен. Ол біреуге 80 млн-ға сатқан. Прокуратураға «Қайда қарап отырсыңдар?» деп айттым. «Шамамыз келмейді» дейді. Сот біздің шағымымызды қабылдамайды дейді, - дейді Мақсат Толықбай.

Депутат сұрағын Алматы облысының әкіміне бағыттады.

Ауылдағы құлайын деп тұрған үйдің өзі 17 млн теңге тұрады. Бұл сұмдық нәрсе ғой, бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберу деген. Сондықтан Алматы облысының әкімі бұл қай әкім тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада қайтарыңыздар, әйтпесе бүкіл фамилияның мен соңына жетемін. 2 ай уақыт береміз, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы