Прокуратураның араласуынан кейін инвестор жұмысын бастады

9 Қазан 2023, 09:33
543
Бөлісу:
Прокуратураның араласуынан кейін инвестор жұмысын бастады

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді жүргізеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл прокуратура органдарының қадағалау қызметінің басым бағыттарының бірі.

Ақмола облысының прокуратурасы құны 63 млрд теңге болатын «Big Farm» ЖШС (Urbas Crupo) инвестициялық жобасының проблемалық мәселесін оң шешті.

Жылына 7200 тонна асыл тұқымды сиыр етін өндіруді жоспарлап отырған испан инвесторы 3 жыл ішінде инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін қажетті жер учаскесін ала алмаған.

Сондай-ақ, ол құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алуда кедергілер мен әкімшілік кедергілерге тап болған.

Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы кешенді шаралармен «Big Farm» ЖШС шетелдік инвесторының (отандық бизнес өкілдерінің қатысуымен) жобасын сүйемелдеу шеңберінде жұмысын бастады.

Өзгелердің жаңалығы