Атырау қаласының прокуратурасы құрылыс салушылардың заңсыз қызметін тоқтатты, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау облысында «Nazik group» ЖШС және «Андорра Констракшн» ЖШС құрылтайшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Олар тұрғын үйдің үлестік құрылысына 650 млн теңге салған 30-дан астам азаматтың қаражатын заңсыз иемденді деп күдікке ілінді.
Күдіктілердің әрекеттерінің салдарынан үлескерлер 2 жыл бойына баспананы алмаған. Аталған серіктестіктердің құрылтайшылары соттың санкциясымен қамауға алынды. Өз кезегінде, облыс прокуратурасы «әрбір азамат қырағылығын білдіру тиіс және объективті хабардар болу үшін жергілікті атқарушы органдардың құрылыс бөліміне немесе басқармасына жүгіну қажет» екенін атап өтті. ҚР Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды, - делінген хабарламада.