Прокуратура Ақтөбе қаласындағы су тарифін төмендетті

29 Қыркүйек 2023, 14:00
858
Бөлісу:
Прокуратура Ақтөбе қаласындағы су тарифін төмендетті
Фото: BAQ.KZ - архив

Осылайша Ақтөбе қаласының 152 мыңнан астам тұтынушысының құқықтарын қорғалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласында «Aqtobe su-energy group» АҚ табиғи монополия субъектісі 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламаны бекіту кезінде 160 млн теңгеден астам сомаға Сазда ауданының су құбыры желілеріне күрделі жөндеу іс-шараларын енгізген.

Алайда Ақтөбе облысының прокуратурасымен «Aqtobe su-energy group» АҚ су құбыры желілерін жөндеу бойынша инвестициялық бағдарламаны орындамағанын анықталды.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде сумен жабдықтауға тариф 4,6%-ға, яғни 1 текше метр үшін 93,5 теңгеден 89,2 теңгеге дейін төмендетілді.

Осылайша облыс прокуратурасы Ақтөбе қаласының 152 мыңнан астам тұтынушысының құқықтарын қорғады.

Өзгелердің жаңалығы