Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетик күні - бұл электр және жылу энергиясын өндірумен, сатумен айналысатын өнеркәсіптің барлық қызметкерінің кәсіби мерекесі. Атаулы күн жыл сайын желтоқсан айының 22-сінде мерекеленеді.

Елімізде энергетика саласының мамандары жетерлік. Осы ретте кәсіби мерекеге орай қызметтерін адал атқарып келе жатқан Саховтар династиясының еңбек жолы туралы білуге тырыстық.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Энергетика саласында жұмыс істейтін Саховтар әулеті жайында ақпаратпен және архивтегі фотолармен әулеттің қызы Нұрсұлу Сахова бөлісті. 

Адамның дара тұлға болып қалыптасуы отбасынан басталады

«Отан отбасынан басталады» деген ата-бабалардан қалған қасиетті сөзді барлығымыз білеміз. Мән-мағынасы өте тереңде жатқан сөздерге тереңірек үңіліп, ақылмен ойланып қарайтын болсақ, әрбір отбасы өз алдына жеке бір Отан. Адамның жеке басының алғашқы қалыптасуы отбасынан басталады. Оның ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтан да туған үйдің жылуы – оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде жүреді, - дейді Нұрсұлу Сахова.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Осындай өнегелі отбасылардың бірі - Саховтар отбасы. Әулеттің көшбасшысы, әкесі Ыбырай Сахов.

Әкем 1938 жылы Қызылқұм ауданының «Сталин» колхозында дүниеге келген. Сондағы орта мектептi үздiктер аяқтап, 1955-60 жылдары Ташкент қаласындағы Орта Азия политехникалық институтына түсті. Онда инженер-электромеханик мамандығы бойынша бiтiрiп шықты. 1961 жылы құрылысы қыз-қыз қайнап жатқан Шардара су электр стансасына келiп, «Шардара-құрылыс» басқармасына жұмысқа тұрды, - дейді қызы.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Институтта алған бiлiмiн iс жүзiне жүзеге асыра бiлген жас маман кейiннен жаңадан құрылған «Энергоауданға» бас инженер етiп жiберiледi.

Әкемнің қазiргi «Шардара Су Электр Стансасындағы» алғашқы еңбек жолы 1965 жылы күзде кезекшi инженерлiктен басталады. Сонда бес жыл жемiстi еңбек етiп, тәжiрибе жинақтап, 1969 жылы осы мекемеге директор  болып тағайындалады. 1969-1999 жылға дейiн, яғни зейнет демалысына шыққанша, «Шардара СЭС-пен су қоймасы» басқармасында үзiлiссiз 30 жыл басшылық қызмет атқарып, аудан тұрғындары мен республика жұртшылығының айрықша алғысына бөлене бiлдi, - деп айтты Нұрсұлу Сахова.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Ұзақ жылдар атқарған елеулі еңбегі үшін елдің құрметіне бөленген Ыбырай Сахов атамыз 42 жыл бойы энергетика саласында, оның ішінде «Шардара СЭС мен су қоймасы» РМК еңбек атқарған азамат. Ол Су шаруашылық министрлігі мен Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен бірнеше рет марапатталған Шардара ауданының «Құрметті азаматы».

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Оның айтуынша, қазір Ыбырай ағамыз зейнетте болса да өзі тұратын Шардараның қазіргі қоғамдық өміріне белсене қатысады. Сондай-ақ, ол бос уақытында балық аулау мен аңшылықты ерекше сүйеді. Өз қолымен 500-ден аса тал дарағы бар шие бағын өсірді.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Сонымен қатар, Нұрсұлу Сахова анасының да энергетика саласында қызмет атқарғанын тілге тиек етті.

Әкем Ыбырай мен анам Құралай 1962 жылы ақпанда отбасын құрды. Анам да жанұясының түтінін тік ұстаумен қатар берекелі еңбек етті. «Шардарақұрылыс» мекемесінде есепші, Мемлекеттік сақтандыру мекемесінде есепші қызметін атқарды. Кейін Ішкі істер министрлігіне қарасты Жедел күзет мекемесінде есепші қызметінде және «Шардара Су Электр Стансасының» май шаруашылығында лаборант, кейіннен кадр бөлімін басқарды. Анамның жалпы еңбек өтілі 32 жыл, - деді қызы.

 1 әулеттен 8 адам. Саховтар әулетiнiң еңбек өтiлi – 135 жыл

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Нұрсұлу Сахова қазіргі таңда  киелi шаңырақта 8 бiрдей адам энергетика  саласында еңбек етіп келе жатқанын айтты.

Жемiстi жұмыс атқарып келеміз. Әулетіміздің бес бiрдей ұлы, қызы мен немересi халыққа жарық сыйлап жүргендердің қатарында бар. Айта кетсем, «Шардара Су Электр Стансасында» Саховтар әулетiнiң еңбек өтiлi – 135 жыл, - деп айтты ол.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Айта кетейік, 56 жылдан астам бір-біріне тірек бола білген 80 жастағы Ыбырай ағамыз бен 73 жастағы Құралай анамыз 25 немеренің бақытты ата-әжесі. 

Саховтар әулеті туралы

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Ыбырай Сахов – әулеттің әкесі.

Құралай Сахова – әулеттің анасы, қазір пенсияда. Бұрын Шардара СЭС кадрлар бөлімінің маманы болған.

Аман Сахов – ұлы, Шардара ГЭС гидроцехінің бастығы.

Ғалым Сахов - ұлы, инженер-энергетик.

Нұрсұлу Сахова – қызы, Шардара ГЭС-тің бас бухгалтері.

Әділет Сахов – ұлы, Шардара ГЭС станциясының ауысым бастығы.

Ерғали Сахов – ұлы, Шымкент қаласы №1 автопаркінің техникалық директоры.

Арман Сахов – ұлы, Шардара ГЭС станциясының ауысым бастығы.

Профессионалдар. Энергетиктер әулеті

Бөлісу: