Профессионалдар. Дронды басқару операторы

7 Сәуір 2021, 11:01
3543
Бөлісу:
Профессионалдар. Дронды басқару операторы
Сұхбат PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде республикамызда жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласы шеңберінде жаңа мамандықтар кең өріс алып келеді. Сондай жаңа саланың бірі Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде қолға алынған. Жуық арада іске асырылған мамандық бойынша Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің директоры Бағдаш Мулдашева сұқбат берді.

Айта кетсек, бұған дейін Мемлекет басшысы сұранысқа ие мамандықтарды дайындау бойынша тапсырма берген болатын. Жаңа мамандықтар мен құзыреттердің атласы - бұл әр сала сарапшыларының пікірінше, қазірдің өзінде сұранысқа ие және жақын арада пайда болатын мамандықтар жинағы. Бұл атласта бізге жақын болашақ 5-10 жылға анықталады.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

Айтуынша, Қазақстанның «Жаңа мамындықтар атласы» еліміздің ауқымды жобасына айналып отыр. Ол қандай жұмыс бағыттарын болашақта дамитынын тәжірбие жүзінде анықтап отырады. Сондай-ақ жаңа мамандарға мүмкіндік ашатынын айтты.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Оқу орындарыңызда бұл бастама қалай іске асты?

- Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінде ERG компаниясы халықаралық еңбек ұйымы, РФ Стратегиялық бастамалар агенттігі және «Сколково» инновациялық орталығы әзірлеген құзыреттердің технологиялық форсайт (STF) әдіснамасы бойынша осындай зерттеуді бастаған Қазақстандағы алғашқы компания болды. 2019 жылдың мамыр айында Дөн тау-кен байыту комбинатын пилоттық зерттеу басталды. Екі күн бойы Дөн тау кен байыту комбинатының және Еуразиялық топ мамандары қазіргі заман шындығы мен өндіріс талаптарына негізделе отырып, кәсіптер мен құзыреттерді болжаудың жаңа құралын жасады. Ескерту керек, Дөн тау кен байыту комбинаты Еуразиялық топқа кіретін (ERG) Ақтөбе облысындағы кен орны. Ал Дөн тау кен байыту комбинаты мен Хромтау жоғары колледжі арасындағы маман дайындау жөніндегі әріптестік сонау 70 жылдардың аяғынан бастау алады.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Жаңа мамандық жайлы айтсаңыз?

- Алғашқы Форсайт-сессиялардың нәтижелері бойынша кәсіпорынға әсер ететін 45 тренд, 18 жоғалып бара жатқан мамандық, 13 өзгеріп жатқан және 14 жаңа мамандық анықталды.

Осы Форсайт-сессиялардың жұмысын талдай келе, ERG компаниясы «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторы» жаңа құзыреттілігін ашу бойынша Хромтау жоғары колледжімен бірлесіп, дайындық жұмыстары басталды.

Пилотсыз ұшу аппаратының операторы (пилоты) - ПҰА-ны басқару жөніндегі маман. Ол ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшуға дайындаумен, ұшу тапсырмаларын жасайды. ҰҰА-ға бекітілетін техниканы реттеумен, фототехникамен, ұшуларды жүргізумен, қажетті ілеспе құжаттаманы рәсімдеумен, сондай-ақ ҰҰА-ға техникалық қызмет көрсетумен айналысады.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары немесе дрондар - бұл оператор қашықтан немесе толығымен автоматты түрде басқаратын ұшақтар, тікұшақтар, аэростаттар немесе дрондар.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Жаңа мамандықтарды оқитын студенттер болашақта жұмысқа қалай орналастырылады?

- Бүгінгі таңда ұшқышсыз ұшу аппараттарын оқу орнымыз біздің өңірдегі тау-кен, геодезиялық зерттеулер, құрылыс, электр желілер, құбырларды пайдалану саласына қатысты мамандарды дайындайды. Жоғарыда айтылғандай, негізгі тапсырыс беруші - Дөн тау кен байыту комбинаты. Сондықтан осы өндірісте жұмыс істейтін болады.

Бұл бастамадан ешкім ұтылмайды, себебі еңбек нарығына қажетті білікті мамандар келеді. Сонымен қатар маман тапшылығы жойылады, кейбір салаларда еңбек өнімділігі артады.

Дрондардың танымалдылығы неғұрлым көп болса, дрондармен тәжірибесі бар дрон операторы мамандығына сұраныс соғұрлым көп болады.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Жаңа мамандықтарды үйрету әдістемесі қандай, қалай оқытылады, ерекшелігі қандай?

- Осы жылдың наурыз айында Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің базасында «жаңа кәсіптер мен құзыреттердің атласы» жобасы шеңберінде «Korgan Asia» ЖШС мамандары Хромтау колледжінің 4 оқытушысын DJI «Matrice 200 V2» пилотсыз ұшу аппаратымен және мамандандырылған тепловизорлық және оптикалық камералармен пилоттау бойынша оқыту семинарлары мен тренингтер топтамасын өткізіледі.

Оқыту курсына теориялық және практикалық сабақтар кірді, онда ұшудың қолмен және автоматты (автономды) режимдерінде басқару пысықталады, кейіннен цифрлық карталарды жасау мақсатында мамандандырылған бағдарламада деректерді ұшудан кейінгі өңдеу жүргізілді (егжей-тегжейлі ортофотожоспар, ОӘЖ, ХБО және жергілікті жердің 3D моделі).

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

Сондай–ақ «Ұшқышсыз ұшу аппараттарының операторына» мынадай әмбебап құзыреттер қажет - аналитикалық ойлау, жауапкершілік, ұсақ-түйекке назар аудару, бақылаушылық және стресске төзімділік.

Мектеп оқушылары келешекте осы мамандық бойынша білім алам десе қазірдің өзінде:

- мектепте математика, физика, информатика және ағылшын тілдерін тереңдетіп оқуы қажет;

- әуе тренажерлерін ойнаңыз, бұл ұшақ пен тікұшақтың ұшу процесін нақты көрсетеді;

- дрондар туралы мақалалар мен жаңалықтарды оқуы керек.

Колледжде бірегей зертханалық база құрылған: техниканың заттай үлгілері, оның ішінде бірнеше дрондар, квадрокоптерлер, тренажерлер, зерттеуге арналған жабдықтар кешені, сондай-ақ мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз ету және тағы басқалар. Зертхана құзыреттілік орталықта орналасқан және студенттер практикалық дайындықтан өтеді, сондай-ақ жоғары технологиялық компаниялардың базасында тағылымдама ұйымдастырылады.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Оқуды аяқтағаннан кейін жаңа маман иесі қандай салаларға бара алады?

- Дрондар мен ұшқышсыз ұшу аппараттары қазірдің өзінде картографиялық түсірілім, телетрансляция, киноға түсіру, жарнама, метеорологиялық бақылау, жүк тасымалы, объектілер мен қаладағы қауіпсіздік мониторингі, ұзын объектілерді (темір жолдар немесе электр беру желілері) бақылау, топырақты суару, құтқару операциялары және өрт сөндіру үшін қолданылады. Елестетіп көріңізші, тауда жоғалған адамдарды іздеуге 1-2 тікұшақ емес, бірнеше ондаған дрон жіберіледі, олар жылу камераларымен жабдықталған, олар жарық нашар жағдайда да, кедергілер болған кезде де адам денесінің жылуын ұстап алады. Мұндай құтқару операциясы әдеттегіден гөрі үнемді және тиімді. Осы салалардың барлығына да түлектеріміз бара алады.

Профессионалдар. Дронды басқару операторы

- Болашақта бұл жоба бойынша колледждеріңізде қанша маман оқытылмақ? Қазір қанша студент білім алып жатыр?

- Хромтау тау-кен техникалық жоғары колледжінің басшылығы әзірге осы бір жаңа мамандықты қолға алып оқытпақ. Көріп отырғандарыңыздай, бұл мамандық күрделі, өзіндік ерекшелігі бар болашақтың таңғажайып мамандығы. Сол себептен жоғары нәтиже көру үшін барлық күш пен ресурсты осы бір мамандыққа бағыттаймыз.

Қазір эксперимент ретінде қысқа мерзімді оқу түрінде 15 студент білім алуды бастады. Барлық оқу процесі қосымша білім алу аясында жүргізілуде. Ал келешекте осының қорытындысын талдап алдағы уақытқа жоспар құрамыз.

Біздің болашақта атқарған жұмысымыз мамандарды жаңа форматта даярлауға және өндірістің жоспарлы көрсеткіштерін орындауда немесе тіпті асыра орындауда көмектеседі деп сенемін.

- Сұқбатыңызға рахмет!


Олжас АДАЙ

Өзгелердің жаңалығы