Проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегіне салық салынбайды

18 Қазан 2023, 11:15
620
Бөлісу:
Проблемалық қарыз алушылардың кешірілген берешегіне салық салынбайды
Фото: BAQ.KZ - архив

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Салық кодексіне енгізілетін түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі

Заң жобасы аясында халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту көзделіп отыр. Ол үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістері салық салудан босатылады.

Біріншіден, бүгінгі күні барлығымызды толғандырып жүрген өзекті мәселелердің бірі халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту үшін жеке тұлғалардың берешегі микроқаржылық ұйымдармен, коллекторлық агенттіктермен кешірілген кезде қалыптасатын кірістерді салық салудан босату көзделіп отыр.

Сонымен қатар жеке тұлғалардың проблемалық микрокредиттері есептен шығарылуына байланысты микроқаржы ұйымдарының кірістерін салық салудан уақытша, яғни үш жылға босату қарастырылып отыр.

Екіншіден, негізгі заң жобасы аясында балаларға Ұлттық қордың табысынан аударылатын нысаналы жинақтарды салықтан босату ұсынылды, - деп атап өтті депутат Мәди Тәкиев.

Сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар мемлекеттік бажды төлеуге мүмкіндігі болмаған жағдайда оны бір жылға дейін кейінге қалдыра алады. Ол үшін төлеуге мүмкіндігі болмау себептерін көрсете отырып сотқа талап арыз жазуы қажет.

Одан бөлек, Еуразиялық Экономикалық Одақ аясында алкоголь және темекі өнімдеріне акциздердің ставкаларын кезең-кезеңімен арттыру жұмысы аясында сыра қайнату өнімдеріне акциздер мөлшерлемелерін литріне 79 теңгеден 90 теңгеге дейін көтеру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы