Проблемаларды шешу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық – министр

30 Сәуір 2021, 11:43
3427
Бөлісу:
Проблемаларды шешу үшін бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халықпен есептік кездесу өткізіп, 2020 жылғы қызметі және ведомствоның 2021 жылға арналған жоспарлары туралы әңгімеледі. 

Министр денсаулық сақтау саласында көптеген мәселе барын және оларға назар аудару қажет екенін айтты.

Саланың бірқатар маңызды көрсеткіші төмендеді. Бұл ең алдымен ана өліміне қатысты. Сондай-ақ, жүрек-қан-тамыр жүйесі ауруларынан болатын өлімнің 15%-ға өскені байқалады. Мұның бәрі коронавирустық инфекцияның пандемиясымен байланысты. Осы проблемаларды шешу үшін біз бұрын-соңды болмаған шаралар қабылдадық. Қысқа мерзім ішінде азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталған айтарлықтай күш пен қаражат жұмылдырылды, - деді ол.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі үшін негізгі басымдық алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету.

Бүгінгі таңда халыққа медициналық қызметтерді 7 мыңнан астам амбулаториялық-емханалық ұйым көрсетеді, оның ішінде мемлекеттік 59%, жеке меншік - 41%. Учаскелік дәрігердің жүктемесін азайту үшін біз 2020 жылы қосымша жалпы практика дәрігерлерінің 480 учаскесін аштық. Медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында ел өңірлерінде 63 амбулаториялық-емханалық нысан салынып, пайдалануға берілді, - деді Цой.

Медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыру өткен жылы денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 52,4%-ына дейін жеткізілді.

Бұл ретте, дәрілік заттарға жазып берілген жеңілдікті рецептілер саны 13,7 млн бірлікке жетті. Сондай-ақ, ел халқы скринингтік зерттеулермен қамтамасыз етілген, олардың саны 2020 жылы 12 млн зерттеп-қарауды құрады. Нәтижесінде 600 мыңнан астам ауру анықталды. Қант диабеті, гипертония және жүрек функциясының созылмалы жеткіліксіздігі бойынша ауруларды басқару бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 2020 жылы динамикалық бақылаудағы пациенттердің 55%-ы осы бағдарламаға қатысады, - деді министр.

Алексей Цой мобильдік медицина белсенді енгізіліп келе жатқанына да тоқталды. Оның мәліметінше үйде медициналық көмек көрсету үшін мобильдік бригадалардың саны 3 мың 700-ге жетті, оның 49%-ы ауылда. Бұл ретте, 2020 жылы олар 750 мыңнан астам медициналық қызмет көрсетті. Бұл үйде КВИ бар науқастарға медициналық көмек көрсетуде маңызды рөл атқарды.

Өзгелердің жаңалығы