ҚР Президенттігіне кандидаттарға шарттар

ҚР Президенттігіне кандидаттарға шарттар

2019 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Қазконтент» АҚ «Baq.kz» сайты интернет алаңынан ұсынылатын жалпы шарттарға


АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Қазконтент» АҚ - «Baq.kz­­­­» сайтының меншік иесі (бұдан әрі – Сайт), «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 - қыркүйектегі ҚР Конститутциялық Заңына сәйкес, ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі №18 Жарлығымен тағайындалған 2019 жылғы 9 маусымдағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін ҚР Президенттігіне кандидаттарды төлемақы мөлшері, сайлау алды үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) Сайтта жариялау үшін Интернет алаңын ұсынудың шарты мен реті туралы ақпараттандырады.

Сайлау алды үгіт-насихат ҚР Перзиденттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен бастап сайлаудан бір күн бұрын күнінің жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00-де аяқталады. Осылайша, үгіт-насихат материалдарын Сайтта жариялау 2019 жылғы 11 мамыр күні 18:00 сағаттан бастап, 2019 жылғы 8 маусым күні 00:00 сағатқа дейін жүргізіледі.

Кандидатпен немесе Кандидаттың құзырлы өкілімен Сайттың меншік иесі арасында жасалынған жазбаша өтініш және келісім-шарт негізінде Сайт Интернет алаң ұсынады.

Үгіт-насихат материалдарын жариялау саны мен мерзімі Кандидат немесе Кандидаттың құзырлы өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, сосын келісім шартта жазылады.

Өтініш Кандидаттардың өтінішін тіркеу журналында кезек ретімен, әрбір жазбаша өтінішке берілетін реттік номері және өтініштің түскен күні жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қосымша ұсынылуы тиіс:

  1. Кандидаттың тіркелуін дәлелдейтін құжат көшірмесі;

  2. Кандидат өкілінің құзырын дәлелдейтін құжат көшірмесі;

  3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлік көшірмесі;

  4. Келісім-шарт жасау үшін құзырлы тұлғаны дәлелдейтін құжаттар.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдарын сайтта жариялау кезегі жазбаша өтініштің түсу ретімен немесе өтініш бірдей уақытта түскен жағдайда жеребе тастау арқылы белгіленеді.

Үгіт-насихат материалдары сайтқа тарату күнінен бір күннен бұрын кешіктірілмей электронды пошта арқылы doc, jpeg, png, mp4, mov, mpeg, avi форматтарда ұсынылады.

Үгіт-насихат материалдарында қаржыландыру көздері және ақпарат ұсынған тұлғаның фамилиясы туралы көзге көрінетін ақпарат болуы тиіс.

Кандидат ұсынған үгіт-насихат материалдары мазмұнының ҚР Заңнамларының талаптарына сай болуына дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі үгіт-насихат материалдарында конститутциялық құрылыстың идеяларына зорлық өзгерістер енгізу, республика бүтіндігін бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне зиян келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік, рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңнамамен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру, сонымен қатар басқа да ҚР Президенттігіне Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттардың болу жағдайы мазмұнындағы үгіт-насихат материалдарын таратудан бас тартуға құқылы.

Сайттың меншік иесінің талабы бойынша Кандидат жоғарыдағы сипаттағы ақпараттар мазмұндас материалдарды дәлелдейтін құжаттарды ұсынуға міндетті.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген Интернет алаң ұсынудың шарты мен тәртібі, ҚР құзырлы мекемелердің талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт-насихат материалдарын сайтта тарату құны мыналарды құрайды:

Тарату түрі

Тарату шарты

Бағасы теңгемен (соның ішінде ҚҚС бірге)

Жарнама құқығындағы публикация

Соңғы жаңалықтар таспасының басты бетінде дайын мақаланы тарату (4000 белгіге дейін аралықпен, 5 фотосуретке дейін)

200 000

Сұхбат

Соңғы жаңалықтар таспасының басты бетінде дайын мақаланы тарату (4000 белгіге дейін аралықпен, 5 фотосуретке дейін)

200 000

Материал жазу (6000 белгіге дейін), фото түсірілім жүргізу (12 фотосуретке дейін) / видеотүсірілім жүргізу (40 минутқа дейінгі видео) + материалды соңғы жаңалықтар таспасының басты бетінде тарату

350 000

Мақалада 1 видео-материал тарату

Видео 1 минутқа дейін

30 000

Мақалада

1 ақпаратграфикасын

тарату (инфографика)

Ақпаратграфика 1 слайдқа дейін

20 000

Баннер

Оң қапталда, жүгіртпелі 380*480 (desktop) + 640*180 (mobile) өлшемде 1000 көрсетілім үшін

800

Баннер

Басты таспа 790*110 (desktop) + 640*180 (mobile) өлшемде, 1000 көрсетілім үшін

1000

Баннер

Видео-баннер автостартпен, жаңалықтар мақаласы ішінде, 1000 көрсетілім үшін

1500

Баннер

Баннер Interscroller, жаңалықтар мақаласы ішінде 790*395 (desktop) + 640*180 (mobile) өлшемде, 1000 көрсетілім үшін

1200

Барлық публикациялар сәйкесінше таңбаланады.

Тарату құнына біріккен қондырғылар мен технологияларда тарату кіреді.

Төлемақы үгіт-насихат материалдарын Сайтта тарату үшін жасалған келісім шарт бойынша Сайттың меншік иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде, есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сайттың меншік иесі жазбаша өтініштерді 2019 жылғы 6 мамыр мен 2019 жылғы 6 маусым аралығында, демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, мына мекен-жайда қабылдайды: Нұр-Сұлтан қ/сы, Д. Қонаев көшесі, 10-үй, «Emerald Tower» БО, сағат 10:00 - 18:00 аралығында.

Жазбаша өтініш факсимиле және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Д. Қожахметов



Бөлісу: