Президенттің жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылды – Бас прокуратура

22 Қаңтар 2022, 17:37
1239
Бөлісу:
Президенттің жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылды – Бас прокуратура

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның  бірінші қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов  ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Бас прокуратура мен облыстық прокуратураның ресми сайттарында сенім телефондары жарияланды, - деді Елдос Қилымжанов. 

Оның айтуынша, Президенттің ауырлататын жағдайлар болмағанда жазаларды жеңілдету туралы тапсырмасына сәйкес жұмыстар атқарылды. 

Прокурордың хаттамаларымен 1083 адам қамаудан босатылып, 450 айыппұл ескертуге ауыстырылды. 386 әкімшілік іс құқық бұзушылық құрамының болмауына қатысты толық босатылды. Қазір 368 адам әкімшілік қамаққа алынып, 1245 тұлғаға қатысты айыппұл салынды, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы