Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президенттің Жапонияға сапары: 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды

Бүгiн, 09:52
107
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Президенттің Жапонияға сапары аясында сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президенттің мәлімдеуінше, сауда-экономикалық және инвестициялық байланысты жандандыруға баса мән беру қажет.

Былтыр өзара сауданың көлемі шамамен 2 миллиард долларға жетті. Қазақстан Жапония нарығына уран, сирек кездесетін металдар және мұнай жеткізеді. Жапония – Қазақстан экономикасының негізгі инвесторларының бірі. Оның елімізге құйған қаржы көлемі 8,5 миллиард доллардан асты. Қазақстан ұзақ уақыттан бері ірі жапон корпорацияларымен табысты қарым-қатынас орнатты. Біз елімізде еңбек етіп жатқан Жапонияның шағын және орта компанияларының қызметіне қолдау көрсетіп келеміз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар ол Жапонияға сапары аясында 60-тан астам құжатқа қол қойылғанына тоқталды.

"Орталық Азия – Жапония" форматындағы бизнес форумында екіжақты байланыстарды жандандырып, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруда қажетті уағдаластықтарға қол жеткізетінімізге сенімдімін. Жапонияға сапарымның аясында 60-тан астам екіжақты құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сомасы 3,7 миллиард доллардан асатын коммерциялық келісімдер де бар, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы