Президенттің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

2 Наурыз 2022, 18:33
1422
Бөлісу:
Президенттің төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ертең, 3 наурыз күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

 Жиын барысында геосаяси ахуалдың шиеленісуі және Ресейге қарсы санкциялардың қатаңдатылуы жағдайында дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспарын әзірлеу мәселесі қарастырылмақ. Кеңес отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов пен Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов баяндама жасайды, - делінген таратылған ақпаратта.

Өзгелердің жаңалығы