Президенттің Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарының бірінші күні аяқталды

15 Қыркүйек 2023, 00:48
658
Бөлісу:
Президенттің Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарының бірінші күні аяқталды
Фото: akorda

Мемлекет басшысының Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарының бірінші күні аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақорданың баспасөз қызметі Президенттің Тәжікстандағы жұмыс сапарының алғашқы күнін қорытындылап, видео жариялады.

Айта кетейік, 14 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Эмомали Рахмонның шақыруымен Тәжікстан Республикасына жұмыс сапарымен барды.

Тоқаевты Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон «Кохи Сомон» мемлекеттік резиденциясында қарсы алды. Кейін екі ел басшыларының кездесуі басталады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен келіссөз жүргізді Мемлекет басшысы дәстүрлі қонақжайлық көрсеткені және тәжік жерінде зор құрметпен қарсы алғаны үшін Эмомали Рахмонға алғыс айтты.

Екі ел басшылары стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтуға өзара ниетті екенін растады. Сонымен қатар президенттер өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды.

Кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіне қатысу үшін «Қасри Миллат» сарайына барды.

Мемлекет басшысы Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуінде баяндама жасады.

Орталық Азия елдері мен Әзербайжанның мемлекеттер басшылары «Достық кеші» салтанатты концертін тамашалады, кейін «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды.

Өзгелердің жаңалығы