Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайдан Қасым-Жомарт Тоқаевты ханзада Әли бен әл-Хусейн құрметпен шығарып салды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

.jpg)
Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізді.
Мемлекет басшысының Иорданияға ресми сапары аясында ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылды.
Мемлекет басшысы Король II Абдалланы «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.