Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

22 Қаңтар 2024, 18:36
369
Бөлісу:
Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет басшысының өкімімен Күнсұлу Дальтонқызы Закария Қазақстан Республикасы Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, - деп жазылған ресми сайтта.

Күнсұлу Дальтонқызы әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Жаратылыстану ғылымдары академиясының мүшесі, Ресей Жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, СOVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы QazCovid-in (QazVac) қазақстандық вакцинасын әзірлеуге қатысқан.

Күнсұлу Закария жаңа қызметіне дейін Президент жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті қызметін атқарды.

Өзгелердің жаңалығы