Президенттің ғалымдарға көрсетіп отырған қолдауы үлкен жауапкершілік артады – Жанна Құрманғалиева

6 Қыркүйек 2021, 13:06
4110
Бөлісу:
Президенттің ғалымдарға көрсетіп отырған қолдауы үлкен жауапкершілік артады – Жанна Құрманғалиева

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен сараптамалық баспасөз конференциясында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің төрағасы Жанна Құрманғалиева айтты.

Іргелі ғылыммен айналысатын институттардың қаржыландырылу мәселесі де сөз болды.

Бұл, бірінші кезекте, әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулерге қатысты. Бұл - өте өзекті мәселе. Былтыр Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы іргелі зерттеулерді тікелей қаржыландыру бойынша тапсырма берген болатын. Бірақ негізгі заңға өзгерістер енгізілмей, бұл мәселелер шешімін таппады. Сол себепті Президент Жолдауда тиісті заңға өзгерістер енгізу туралы тапсырма берді, - деп айтты Жанна Құрманғалиева.

Сонымен қатар Жолдауда айтылған тағы бір мәселе – ғылым саласын гранттық қаржыландыру.

Қазіргі таңда гранттың ең көп мерзімі 36 айды құрайды. Үш жылдық уақыт нақты нәтижелер шығару үшін қолайсыз. Жолдауда бұл мәселе де өз шешімін тауып отыр. Сондай-ақ ұлттық ғылыми кеңестерге қатысты соңғы жылдары көп мәселе туғанын қоғам біледі. Мұның да нүктесі қойылды деп айтуға болады. Өйткені апелляция институты заңға енгізіледі. Мемлекет басшысының Жолдаудағы ғылыми қауымдастыққа көрсетіп отырған қолдауы үлкен жауапкершілік артады, - деп түсіндірді комитет төрағасы.

Одан бөлек, енді ғылыми қауымдастық тек уақыт талабына ғана сай болмай, әрқашан бір адым алда жүріп, тың жаңалықтар ұсына білуі керек деген тапсырма берілді.

Құрманғалиева атап өткендей, заң жобасы жылдың соңына дейін дайын болады.

Өзгелердің жаңалығы