Президенттікке үміткер Бақыт Жаңабаев тиісті қол жинай алмады

21 Қазан 2022, 18:25
1250
Бөлісу:
Президенттікке үміткер Бақыт Жаңабаев тиісті қол жинай алмады

Орталық сайлау комиссиясы Бақыт Жаңабаевты президенттікке үміткер ретінде тіркеуден бас тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бақыт Жаңабаев «Қазақстандық Футбол Әуескерлері Лигасы» қоғамдық бірлестігінен ұсынылған болатын.

Тиісті мемлекеттік органдардан алынған мәлеметтер мен лингвистикалық комиссия қорытындысы негізінде ОСК қаулысымен кандидаттың заңнама талаптарына сәйкестігі анықталды. Қол жинау үшін қол қою парақтары берілді. Кандидатты қолдау үшін 58 889 қол жиналды. Тексеру нәтижесінде 4054 қол рас деп танылды. Бұл сайлаушылардың жалпы санының бір пайызына жетпейді. Осылайша Сайлау туралы Конституциялық заңның 56-бабы 2-тармағына сәйкес кандидатты қолдауға сайлаушылар қолының қажет саны туралы талабы орындалмады, - деді ОСК мүшесі Сәбила Мұстафина.

ОСК мүшелерінің қарауына тиісті хаттама мен тіркеуден бас тарту туралы қаулы жобасы дайындалып ұсынылды. Олар қаулыны қолдап дауыс берді.

Бұған дейін Бақыт Жаңабаевтың Президент сайлауына құжатын тапсырғанын жазған едік. Ол құжат тапсыру рәсімімінен кейін Президент болуға деген нақты ұстанымының жоқ екенін айтқан.

Өзгелердің жаңалығы