Президенттіке үміткер Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілде емтихан тапсырып жатыр

8 Қазан 2022, 12:55
1493
Бөлісу:
Президенттіке үміткер Мейрам Қажыкен мемлекеттік тілде емтихан тапсырып жатыр

Президент сайлауына үміткер Мейрам Қажыкеннің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау үшін лингвистика комиссиясының отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды BAQ,KZ ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

Лингвистика комиссиясының төрағасы Әділ Ахметов үміткерлерді қандай тапсырма, сұрақтар күтіп тұрғанын айтты. «Орталық сайлау комиссиясының шешімімен құрылған лингвистика комиссиясы бүгін жұмысын бастап кетті. Оның құрамына кірген алты ғалым туралы БАҚ-та жарияланғанын білесіздер.

Бірінші болып президентікке үміткер Мейрам Зекешұлы Қажыкен бүгін емтихан тапсырып жатыр. Ол азамат – «Аманат» кәсіподақтар достастығы атынан ұсынылған тұлға. Қазір бірінші сұрағын бітіріп, жазба жұмысын аяқтады.

Енді екінші сұраққа жауап беріп жатыр – еркін тақырыпта берілген мәтінді мәнерлеп оқу.

Үшіншісінде белгілі тақырыпқа сөз сөйлейді.

Емтихан әлі аяқталған жоқ. Комиссия мүшелері қазір тыңдап отыр. Емтихан барысында үміткер бүкіл жұмысын тасырғаннан кейін комиссия мүшелері әрбір сұраққа қалай жауап берді, қалай жазды, мәнерлеп оқу қалай болды, жазу жұмысының мазмұны қалай, мемлекеттік тілді еркін меңгерген бе, әлде меңгермеген бе, осылардың бәрін анықтағаннан кейін шешім шығарады. Ол шешім шыққан бойда үміткерге сол жерде айтылады. Яғни, үміткер мемлекеттік тілді қажетті деңгейде меңгерді ме, жоқ па деген сұраққа жауабын алып кетеді.
Әрине, бүгін бірінші күн. Ертең де, түстен кейін де жұмыс жалғаса береді. Меніңше, әзірге ақпарат құралдарына жариялайтын хабар осы ғана, - деді филилогия ғылымдарының докторы.

Өзгелердің жаңалығы