Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

2 Қыркүйек 2019, 10:09
2299
Бөлісу:
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттік жастар кадр резервіне өтінімдерді қабылдау басталды. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Құжаттарды қабылдау үшін автоматтандырылған онлайн-платформа іске қосылды. Онлайн-платформаны қолдану жеңіл әрі өте ыңғайлы.

Үміткер  сайттың басты бетінде президенттік жастар кадр резервінің іріктеуіне қатысты мағлұматты инфографика арқылы біле алады. Онда іріктеуге кімдер қатыса алатындығы, уақыты мен іріктеу кезеңдері жазылған.

Тіркеу тәртібі барынша жеңілдетілген.

Үміткерге  міндетті түрде өзінің жеке мәліметтерін, аты-жөнін, тегін, ЖСН, іріктеу кезеңдерінен өтуге қолайлы тілді таңдап өзінің ұялы телефоны мен электронды поштасын көрсету қажет.

Сонымен қатар ақпараттарды өңдеп сақтау туралы келісіммен танысып, тиісті талаптарды қабылдауы керек. Талаптарды қабылдамайынша үміткер президенттік жастар кадр резервіне қатыса алмайды. Президенттік жастар кадр резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны  PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жаилғанова президенттік жастар кадр резервіне өтуге үміткерлерге қойылатын негізгі талаптары жөнінде айтқан болатын.

 

Өзгелердің жаңалығы