Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған 99,9% бюллетеньді санап болғаннан кейін 49,34% дауысқа ие болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы TRT Haber мәлім етті.
Ердоғанның басты оппоненті Кемаль Кылычдароглу 45% дауыс жинады.
Осылайша түрік лидері бірінші айналымда жеңіске жетуі үшін қажет 50% дауысты да жинай алмады.
Енді алда екінші айналым. Ол 28 мамырда өтеді.
Еске салсақ, Түркияда президенттік сайлау өтіп жатыр. Үш кандидат президенттікке үміткер.