"Президенттік құлақтандыру" дабыл белгісі: Алматы әкімдігі түсініктеме берді

31 Мамыр 2024, 22:42
388
Бөлісу:
"Президенттік құлақтандыру" дабыл белгісі: Алматы әкімдігі түсініктеме берді
Фото: baq.kz

Бүгін, 31 мамырда Mass Alert жедел хабарлау жүйесінің бірінші кезеңі іске қосылды. Құлақтандыру жүйесін тексеру туралы хабарламалар ел азаматтарының ұялы телефонына "Президенттік құлақтандыру" немесе "Ұлттық құлақтандыру" белгісімен келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл 3GPP TS 23.041 халықаралық спецификациясы Cell Broadcast арнасының тақырып атауларын стандарттаумен байланысты, осы спецификацияға сәйкес барлық телефон аппараттын өндірушілер өздерінің мобильді құрылғысында осы атауларды операциялық жүйе деңгейінде жүзеге асырады, – делінген әкімдік хабарламасында.

Халықаралық спецификацияда қабылданған тақырыптардың атаулары өзгермейді.

Осыған байланысты 4370 арнасында "Президенттік құлақтандыру" және "Ұлттық құлақтандыру" деген атаумен хабар таратылды. Қазір "Ұлттық құлақтандыру" деген атаумен әзірлеушілер үшін Қазақстан Республикасына арналған талаптар әзірленіп жатыр, - деп түсіндірді Алматы қаласы әкімдігі.

Айта кетсек, Mass Alert жүйесінің SMS-ке қарағанда бірқатар артықшылығы бар. Хабарлама мобильді оператор желісіне қосылған, сондай-ақ жеке таңдалған географиялық аймақтағы барлық абонентке келеді. Сонымен қатар, жүйе желілердің шамадан тыс жүктелу жағдайында жұмыс істейді. Cell Broadcast технологиясының басты артықшылығы, қамту аймағындағы барлық абонентті бірден әрі жаппай ескертуде.

Сондай-ақ Mass Alert-ті Алматы ТЖД жер сілкінісі туралы ерте құлақтандырудың автоматты жүйесімен біріктіру жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы