Президенттік көпсайыс бойынша спорттық жарыстар өтті

21 Маусым 2022, 15:54
1776
Бөлісу:
Президенттік көпсайыс бойынша спорттық жарыстар өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда Қазақстан полициясы күніне арналған Президенттік көпсайыс бойынша спорттық жарыстар өтті. 

Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің кәсіби мерекесі қарсаңында полиция басқармасының жеке құрамы мен "Сарыарқа" ауданының жергілікті атқарушы органы өкілдерінің қатысуымен спортшылар спартакиадасы өтті,-деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының  ПД баспасөз қызметі.

Спартакиада спорттың бірнеше түрі бойынша ұйымдастырылды: волейбол, шахмат, тоғызқұмалақ және т. б. 

Президенттік көпсайыс бойынша спорттық жарыстар өтті

Аудан әкімдігі мен қалалық спорт басқармасы ұйымдастырған волейбол, шахмат және үстел теннисі ойындары №5 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. 

Жарыс қорытындысы бойынша шахматтан 1 орынды криминалдық полиция бөлімі бастығының орынбасары Нұрлан Жұманазаров иеленді. «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойыны бойынша 3-орынды жедел уәкіл полиция лейтенанты Диас Есіркеп жеңіп алды.

Сондай-ақ, "Көктал" саябағында өткен футболдан дәстүрлі спорттық матчқа 6 команда қатысты. Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалып, ойын басталды.

Президенттік көпсайыс бойынша спорттық жарыстар өтті

Қорытынды бойынша Сарыарқа ауданы әкімі аппаратының командасы үздік нәтиже көрсетіп, 1 орынға ие болды. Тәртіп сақшылары 2 орынға ие болды, ал қоланы сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері алды. Сондай-ақ, «үздік бомбардир» атағын полиция капитаны Қазбек Шайхманов, «үздік қақпашы» атағын Асхат Есенбаев иеленді.

Жеңімпаздарға Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің атынан грамоталар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Мұндай іс-шаралардың мақсаты – салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, сондай-ақ полиция қызметкерлерінің спорттық шеберлігін арттыру.

Өзгелердің жаңалығы