Президенттік кадр резерві: Үміткерлер біліктілігін Мемлекеттік басқару академиясында арттыра алады

25 Желтоқсан 2019, 17:37
2851
Бөлісу:
Президенттік кадр резерві: Үміткерлер біліктілігін Мемлекеттік басқару академиясында арттыра алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл айтты. 

Резервке өткен жастарды құттықтай отырып, осындай маңызды жобаны жүзеге асыруға өз үлесіміздің қосқанымызды мақтан тұтамыз. Қазіргі кезде өзін-өзі тұрақты түрде дамыту – табыс пен еңбекке қабілеттіліктің кепілі. Оқуды өмір бойы тоқтатпай, өзін жан-жақты жетілдіріп жүретіндер кәсіби тұрғыда тез өседі. Қатысушылар іріктеудің әр кезеңінде өзінің өсу нүктелерін байқап, жеке басын дамыту бағыты туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік алды. Резервтегі әрбір үміткер ассессмент орталығының нәтижесі бойынша есеп алды, - деді Ерлан Әбіл.

Кадр резервіндегі кандидаттар ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы және басқа да ұйымдарда біліктіліктерін арттыра алады.

Біз басқарушылық құзыреттілікті дамыту үшін тренингтік бағдарламалар пакетін әзірледік. Мысалы, "Ойлау дизайны", "Ақпараттық көшбасшылық", "Эмоциялық интеллект", "Перспективті ойлау", "Стратегиялық менеджмент", "Жобалық менеджмент", "Бизнес үдерістерді оңтайландыру" және т.б. Барлық бағдарламалармен академияның сайтынан танысуға болады. Бағдарламалардың тренерлері – кәсіби деңгейі жоғары отандық және шетелдік жетекші сарапшылар. Резерв құрамындағы мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызметке енді тағайындалатындар академияда оқудан өтеді. Қалғандарының да осы тренингтердің бірін таңдап, кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндігі бар, - деді академия басшысы.
Өзгелердің жаңалығы