Президенттік «Алтын сапа» сыйлығын табыстау салтанаты басталды

12 Желтоқсан 2023, 09:29
810
Бөлісу:
Президенттік «Алтын сапа»  сыйлығын табыстау салтанаты басталды
Фото: atameken.kz

ҚР Президентінің «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсімі басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шараға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысады.

Байқау отандық өнімнің сапасын арттыруға бағытталған. Яғни жеңімпаздарды таңдағанда ұйымның өнім немесе қызмет сапасы саласында айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізуі, өнім қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және ұйымның сапаны басқарудың жоғары тиімді әдістерін енгізуі ескеріледі.

Биыл байқауға қатысуға 221 компания өтінім берді.

Салтанатты рәсім «Kazakhstan Project Management Awards 2023» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттаудан басталды. Байқау жеңімпаздарын Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин марапаттады.

Өзгелердің жаңалығы