Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қомақты қаржы бөліне ме? Қаржы министрінің жауабы

22 Қараша 2022, 14:53
693
Бөлісу:
Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қомақты қаржы бөліне ме? Қаржы министрінің жауабы

Президентті ұлықтау рәсіміне бюджеттен қомақты қаржы бөлінбейді. Бұны Премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Президенттің ұлықтауына біз бюджеттен қосымша қаражат бөлген жоқпыз. Ол – президенттің ресми түрде Конституциялық заң бойынша президент лауазымына өтуіне байланысты ант беруі. Оған көп қаражат кетеді деп ойлаймын. Сондықтан оған біздің тарапымыздан көп қаражат бөлінбейді, - деді Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында.

Еске салайық, елде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтті. Науқанға алты азамат кандидат болды.

Республика бойынша 8 млн 300 мың 46 адам бюллетень алды. Есептен шығару куәліктерін - 13 мың 282 адам алды.Үй жайдан тыс дауыс берген азаматтар саны - 112 мың 969 адамды құрады.

Жалпы сайлау нәтижесі мынандай:
 

Қарақат Әбден: 206 206 адам немесе 2,6 %,
 

Нұрлан Әуесбаев: 176 116 адам немесе 2,22%,
 

Жигули Дайрабаев: 271 641 адам немесе 3,42%,
 

Мейрам Қажыкен: 200 907 адам немесе 2,53%,
 

Қасым-Жомарт Тоқаев: 6 млн 456 мың 392 адам немесе 81,31%,
 

Салтанат Тұрсынбекова: 168 мың 731 адам немесе 2,12 %,
 

Барлығына қарсымын: 461 мың 484 адам немесе 5,8%. 

Өзгелердің жаңалығы