Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президентті ұлықтау рәсімі өтетін күн белгіленді

22 Қараша 2022, 11:57
1514
Бөлісу:

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті отырысы барысында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2022 жылдың 20 қарашасы күні Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлау нәтижелері  қорытындыланып, ел президенті болып Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев сайланды.

Отырыс барысында орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров барша Қазақстандықтарды құттықтап, ел президентінің ұлықтау рәсімі өтетін күнді жариялады.

2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қасым-Жомарт Тоқаевты ұлықтау рәсімі 26 қарашада өтеді, - деді ол.

«Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Конституциялық заңның 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенті халыққа  ант берген сәттен бастап қызметіне кіріседі.

Өзгелердің жаңалығы