Президенттің ескертуінен қорытынды жасадық – Абаев

23 Шілде 2020, 15:58
1491
Бөлісу:
Президенттің ескертуінен қорытынды жасадық – Абаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев Facebook-тегі парақшасында Мемлекет басшысының ескертуінен қорытынды шығарғанын айтты.

Мемлекет адамдарды үйде отыруға қалай мәжбүрлейді? Айыппұл мен қорқытудан басқа қандай тетік бар? Мен қорқыныш жақсы мотиватор деп санамаймын. Қалай болғанда да, ол ұзақ жұмыс істемейді. Өйткені бұл саналылық пен тәртіп, айналадағылар үшін жауапкершілік мәселесі, мүмкін, бұл ішінара білім беру мен мәдениет мәселесі. Кең таралған пікірге қарамастан, көптеген азамат іс жүзінде қажетті талаптарды орындайды, көпшілігі маска тағып, қашықтық пен гигиена нормаларын сақтайды. Егер бұл болмаса, жұқтыру ауқымы әлдеқайда көп болар еді, - дейді Дәурен Абаев.

Ол  мұның бәрі өте қиын, бірақ бұл біздің елдің жартысынан көбі мейрамханаға, клубқа, караокеге барудың жолдарын іздейді деген сөз емес деп отыр.
Қалай да болсын өмір сүру керек. Дүкенге, жұмысқа бару қажет. Көптеген адамға осылай жұғып жатыр. Президент идеологиялық аппаратқа батылдық пен креативтілік жетіспейтінін айтты. Шынында да, қазір болып жатқан жағдай Денсаулық сақтау министрлігінің ғана проблемасы емес. Ақаулар басқарудың барлық тұтқаларын қамтыды, соның ішінде идеология да бар. Тәртіптер мен ұсынымдарды сақтамайтын көп адам чиптеу  мен тікұшақтан вирус шашу сынды абсурд оқиғаларға сенеді. Бұл  - қоғамдық сана мәселелері, -  дейді бірінші орынбасар. 

Ол ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтқан сындарынан қорытынды шығарғанын айтты.
Біз Президенттің ескертуінен қорытынды жасадық. Бүгінде бізге ақыл-ой және адекват идеологиясы қажет. Елеспен қоштасып, нақты жағдайды біздің идеологемалармен үйлестіретін уақыт келді. Мемлекеттік аппарат бірлік пен ынтымаққа шақыра отырып, барлығын Отанды сүюге мәжбүрлемеуі тиіс. Біздің азаматтарымыздың шынайы патриотизмі - ең үздік идеология, - дейді Дәурен Абаев.



Өзгелердің жаңалығы