Президентке тазының күшігі сыйға тартылды

21 Наурыз 2023, 15:07
1119
Бөлісу:
Президентке тазының күшігі сыйға тартылды
PHOTO VIDEO
Фото: Ақорда

Президент тазы иттердің көрмесін тамашалады, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Nomad» ұлттық саятшылық» қоғамдық қорының төрағасы Болат Құнанбаев тазыны сақтау, өсіру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндады. Мемлекет басшысы тазыны халықаралық деңгейде дәріптеу қажет екенін айтты. 

Президентке тазының күшігі сыйға тартылды

Құмай тазы – ерекше жануар, қазақтың жеті қазынасының бірі. Біз тазы мен төбетті халықаралық деңгейде кеңірек дәріптеуіміз керек. Сыртқы істер министрлігі де міндетті түрде атсалысуы қажет. Тазыға ерекше күтім, қамқорлық, кәсіби көзқарас қажет. Сол үшін арнайы заң қабылдадық, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президентке тазының күшігі сыйға тартылды

Асыл тұқымды тазы өсіруші Анна Захарова Президентке тазының күшігін сыйға тартты.

Күшіктің аты – Наурыз, 1,5 айлық.

Өзгелердің жаңалығы