Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Президент Жолдауы: шикізаттық емес экспорт пен сауда көлемі артып келеді

25 Тамыз 2025, 08:45
534
Бөлісу:
 freepik
Фото: freepik

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында сауданы дамыту мен еліміздің экспорттық әлеуетін күшейтуге бағытталған кешенді жұмыстар атқарып келеді, деп хабарлайды BAQ.KZ Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта отандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту және шағын және орта бизнесті қолдау бағытында жүйелі шаралар іске асуда. Бұл ретте бизнесті жүргізудің ашық әрі тиімді ережелері қалыптасып, ішкі сауда қарқынды дамып келеді. Сондай-ақ қазақстандық тауарларды сыртқы нарыққа шығаруға қажетті инфрақұрылым жасақталуда.

2025 жылғы қаңтар-шілде айларында сауда көлемі 8,6%-ға өссе, салаға салынған инвестициялар көлемі жыл басынан бері 37%-ға артып, 438 млрд теңгеге жетті.

Министр Арман Шаққалиевтің айтуынша, бүгінгі таңда сауда саласында 800 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істеп, 1,5 миллионнан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Айтылды – жасалды» қағидаты аясында Президент Жолдауында айтылған тапсырмалар қарқынды түрде жүзеге асырылуда. Бұл еліміздің экономикасының тұрақты дамуына және халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған нақты қадамдардың нәтижесі, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы