Президент Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттігін іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді

2 Ақпан 2024, 16:31
409
Бөлісу:
Президент Жоғары аудиторлық палатаның өкілеттігін іске асыруға қатысты бірқатар тапсырма берді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Наталья Годунова:

Жоғары аудиторлық палатаның былтыр атқарған жұмысы туралы есеп беріп, алдағы кезеңге арналған жоспарын баяндады. Есеп беріліп отырған кезең ішінде 19,5 триллион теңгеге жуық бюджет қаржысы бойынша 208 нысанға 20 аудиторлық тексеріс жүргізілгенін жеткізді;

өткен жылдың 4-тоқсанында аяқталған жекелеген аудиторлық тексеру жұмыстарының қорытындысы жөнінде мәлімет берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет ресурсының жұмсалу тиімділігін одан әрі арттыруға, сондай-ақ Жоғары аудиторлық палатаның жаңа өкілеттіктерін іске асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы