Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

22 Қаңтар 2020, 15:16
1173
Бөлісу:
Президент Жоғары сот кеңесінің төрағасын қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жоғары сот кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады. Бұл туралы Ақорадынң баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуде Талғат Донақов президентке Жоғары сот кеңесінің 2019 жылғы жұмыстарының қорытындылары жайында баяндады. 

Мемлекет басшысына еліміздегі сот корпусының ахуалы, судьяларды іріктеу ісін қатаңдату және соттардың кадрлық резервін қалыптастыру бағытында қабылданған шаралар туралы мәлімет берілді. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Талғат Донақовқа бірқатар нақты тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы