Президент жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыруды тапсырды

11 Шілде 2022, 12:22
1492
Бөлісу:
Президент жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыруды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованы қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.

Президентке министрліктің жұмысы, соның ішінде зейнетақымен қамтамасыз ету және Әлеуметтік кодекс әзірлеу мәселелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстандағы әрбір отбасының әл-ауқатын арттыруға және жұмыспен қамту ісінің табысты болуы үшін жағдай жасауға бағытталатын жаңа әлеуметтік саясат қалыптастыру тәсілдері ұсынылды.

Тамара Дүйсенова Мемлекет басшысына Отбасының цифрлық картасын жасау, Әлеуметтік қызмет көрсету порталын және Әлеуметтік қазынашылық ақпараттық жүйесін дамыту жоспары жөнінде айтты. Президент геосаяси жағдайдың өзгеруін және еңбек нарығына қысымның күшеюін ескере отырып әзірленген көші-қон саясатын дамыту жоспарымен танысты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік еңбек саласындағы өзекті проблемаларды шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Мемлекет басшысы жастарды жұмыспен қамту бағдарламаларының тиімділігін арттыру, әлеуметтік қорғау жүйесінің тетіктерін жетілдіру қажет екенін атап өтті.  

Өзгелердің жаңалығы