Президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына өзгерістер енгізіледі

Мемлекет басшысы "құжатқа өзгеріс енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды.

Кеше 2026, 20:22
АВТОР
 Ақорда Кеше 2026, 20:22
Кеше 2026, 20:22
411
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы жаңа редакцияда мазмұндалды.

Аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын, - делінген құжат мәтінінде.

Сондай-ақ Жарлықта құжаттың қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізілетіні аталып өткен.

Құжатқа 2026 жылғы 8 мамырда Астанада қол қойылды.

Наверх