Президент Жансая Әбдімәлікті ерлер арасындағы гроссмейстер атағымен құттықтады

2 Маусым 2021, 15:07
3171
Бөлісу:
Президент Жансая Әбдімәлікті ерлер арасындағы гроссмейстер атағымен құттықтады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты.

Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз. Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз, - деп жазды ол.
Өзгелердің жаңалығы