Президент жаңа реформалар бойынша түзетулерге қол қойды

17 Қыркүйек 2022, 18:36
1006
Бөлісу:
Президент жаңа реформалар бойынша түзетулерге қол қойды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты мәлімдейді.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы елорда атауын өзгерту туралы заңға қол қойды.

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының елордасы – Нұр-Сұлтан қаласының атауы Қазақстан Республикасының  елордасы – Астана қаласы деп өзгертілсін. Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі,- делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы