Президент «Жаңа Қазақстанда» әділетті қоғам құрудың негізгі тетіктерін көрсетіп берді – Мақпал Мыса

16 Наурыз 2022, 16:25
2749
Бөлісу:
Президент «Жаңа Қазақстанда» әділетті қоғам құрудың негізгі тетіктерін көрсетіп берді – Мақпал Мыса

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Осыған қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Мақпал Мыса (Тажмағамбетова) пікір білдірді.

Бүгінгі Жолдау Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауларының жалғасы. Егер түбін қуалап айтатын болсақ, Асан Қайғының Жерұйық іздеуі, әз Тәуке Хан тұсындағы «Жеті жарғы» заңы, Алаш үкіметінің жаңа бағдарламасы, осының барлығының жалғасы. Яғни елдің ел болуындағы, еркіндікке жетудегі, сапалы өмір сүрудегі бастамалары. Бүгін Мемлекет басшысы тәуелсіздігімізді тағы да нығайта түсетін және жаңарған Қазақстанда әділетті қоғам құрудағы бастамалардың негізгі тетіктерін көрсетіп берді, - деп айтты депутат. 

Мақпал Тажмағамбетова Мемлекет басшысының Жолдауында әділ және ашық сайлау, аралас Парламент құрамы және өңірлік әкімшілік құрылымдар, сонымен қатар құқық қорғау органдарына басымдылық беру, Бас Прокуратураның жауаптылығы, Ұлттық құрылтай туралы айтылғанына тоқталды.

Одан бөлек, елдің саяси жағдайына ықпалын тигізетін шешімдер болды. Шынымен де рухымыздың жаңғыртқан жайт болды. Қазақ халқының бұрыннан аңсап, армандап жүрген тілегі – ол Семей өңірінің Абай облысы деп аталуы. Сонымен қатар Ұлытау облысы құрылатын болды, сондай-ақ Алматы облысы екіге бөлінуі көтерілді. Өзім де Алматы облысынанмын. Бұл өте күрделі мәселе болатын. Қапшағай қаласында ақсақалдарымыз, зиялы қауым өкілдері қаланың атауын Дінмұхамед Қонаев атына беру туралы үнемі қозғайтын. Сондықтан бүгінгі жаңалық жүрегімізді жылытқан шешім болды, - деп атап өтті ол.

Мәжіліс депутаты өңірлерге сапары кезінде қашықта, шалғайда орналасқан аудандар мен ауылдарда күрделі мәселелері барын айтты. 

Мысалы, географиялық жағдайы, қашықтық мәселесі кедергі болатын. Алматы облысының орталығы Қапшағайда орналасуы жанындағы халыққа тиімді болады. Сонымен қатар осы туристік қаланың дамуына ықпал етеді деп ойлаймын, - деді депутат.

Өзгелердің жаңалығы