Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

24 Сәуір 2023, 17:37
796
Бөлісу:
Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазды. Президентке Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсенділіктің жақсаруы, депозит нарығының динамикасы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов ай сайынғы және базалық инфляцияның төмендегенін және реттеушінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар инфляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит шарттарын сақтауды қажет етеді.

Мемлекет басшысына жедел төлемдер жүйесінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Өзгелердің жаңалығы