Президент туыстарының билікке араласу мәселесі заңмен шектелуі тиіс – депутат

16 Наурыз 2022, 16:53
1703
Бөлісу:
Президент туыстарының билікке араласу мәселесі заңмен шектелуі тиіс – депутат

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жасады. Осыған қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Бекжанов пікірін білдірді.

Президент бүгінгі Жолдауында еліміздегі президенттік жүйеден парламенттік жүйеге көшу мәселесін қозғап, нақты дәлелдер келтірді. Атап айтқанда, Парламент палаталарының рөлі қандай болмақ? Бұл жердегі негізгі мәселе – халыққа жағдай жасау үшін сапалы заңдар қабылдау. Жолдаудағы қабылданған мәселелер мен айтылған ұсыныстар заңмен реттелуі керек, - дейді депутат.

Оның сөзінше, қолданыстағы заңдарға тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін Парламенттің рөлі халықтың жағдайын жақсартуға үлесін қосады.

Президенттің туысқандарының жоғары лауазымдарды иеленбеуіне қатысты өзгерісті Конституцияға енгізуге қатысты ойымен бөлісті.

Бұл - өте орынды ұсыныс. Себебі Президент туыстарының билікке араласу мәселесі заңмен шектелуі тиіс. Ол Президенттің өз билігін жүзеге асыруына оң әсерін тигізеді. Мемлекет – ол халықтың жағдайын жасайтын құрал. Сондықтан Мемлекеттің басшысы болған сәтте міндетті түрде халыққа қызмет ету керек. Президент өзінің бар арманы халыққа жағдай жасау керегін айтып кетті, - деп толықтырды Берік Бекжанов.

Өзгелердің жаңалығы