Президент трансшекаралық логистика мен еркін сауда орнату мәселесін көтерді

14 Қазан 2021, 17:52
5510
Бөлісу:
Президент трансшекаралық логистика мен еркін сауда орнату мәселесін көтерді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Трансшекаралық көліктік күретамыр мен логистика хабтарын дамыту маңызы тұр. ЕАЭО жақындасуы мен жолдары қазіргі заманға тән логистика инфрақұрылымы одақтың әлемдік тауар нарықтарына әсерін айтарлықтай күшейтеді. Мемлекет одақпен бірігіп, инфрақұрылымдық көліктік пакет әзірледі. Оны жүзеге асырып қана қоймай, трансшекаралық тауарлық өнімдерге қолайлы баға да қою маңызды. Біздің транспорттық ведомстволарды тығыз жұмыс істеуге шақырамын, - деді ол.
Тоқаев атап өткендей, конвенция барлық елмен бірлесіп, көліктік дәліз жасай алады.
Пандемияның әлсіреуіне байланысты одақ елдерімен ынтымақтастық үлкен маңызға ие болып отыр. Израиль, Мысыр, Үндістанмен еркін сауда орнату келісімі 5-6 жылға созылып отыр. Моңғолия мен Норвегия нарығында 2 жылға созылып отыр. Жаңа конвенция бұл келісімдерді тездетіп, жаңа тетіктерді ұсына алатын еді. Бұл мәселенің бәсеңдеуі пандемияға байланысты болды. Бірақ бұл қиын кезеңнен ақырындап шығу аясында келіссөздерді жеделдету қажет деп ойлаймын, - деді Тоқаев.
Осыған дейін Президент Ресейден басқа одақтас елдермен өнеркәсіп саласындағы жұмысты күшейтуді тапсырғанын хабарлаған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы