Президент Торғайға екінші дем береді деген ойдамын – Қабылдинов

3 Қыркүйек 2022, 16:38
874
Бөлісу:
Президент Торғайға екінші дем береді деген ойдамын – Қабылдинов

Бұл пікірді Ш. Уәлиханов атындағы тарих институтының директоры, профессор, алаштанушы Зиябек Қабылдинов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауынан кейін Қостанай облысына баруының өзіндік символикалық мәні бар. Торғай қазақтың мәдениеті мен тарихы тұнып тұрған өңір. Кезінде ірі облыс болған мекеннің қазіргі жағдайы аса мәз емес. Ел басшысы осы елді мекенді жандандыруға, осы облысқа бағыт-бағдар беретін, былайша айтқанда, Торғайға екінші дем беретін іс-сапар жасайды деген ойдамын, - деді тарихшы.

Тарихшының айтуынша, халықтың көкейінде Торғай облысы қалпына келіп қала ма деген үміт бар.

Облыстың аймақтарына қатысты кешенді бағдарлама жасалуы мүмкін. Өйткені қазіргі таңда кең-байтақ жеріміз, алқапты мекеніміз әлсіреп тұрған жайы бар. Ол жердегі халық соңғы жылдары талан-тараж болып, еліміздің ірі қалаларына көшіп жатыр. Халық саны азайып келеді. Президент тарихи өлкемізбен танысып, ауқымды өзгерістерге бастайды деген сенемін, - деді Зиябек Қабылдинов.

Өзгелердің жаңалығы