Бүгін, 17 мамыр - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президент бұл күнді қалай өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Президенттің кеңесшісі - баспасөз хатшысы Берік Уәлидің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев үшін бұл әдеттегідей жұмыс күні. Бұл күнді Президент жұмыс орнында өткізеді. Айтулы күнге қатысты ешқандай іс-шара өткізу жоспарланып отырған жоқ. Әкімдік қызметкерлерін құттықтаудан бас тартуға шақырғаны белгілі болды.
Еске салайық, Мемлекет басшысы бұған дейін де туған күніне қатысты осындай ұстанымда болған еді.
Бұл - Президенттің принципиалды ұстанымы. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін атап өту дәстүрі қабылданбаған, - деп түсіндірді Берік Уәли.
Биыл 17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толып отыр.
Оқи отырыңыз: