Президент Тимур Жақсылықовты қабылдады

4 Маусым 2024, 17:45
432
Бөлісу:
Президент Тимур Жақсылықовты қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Беларусьтегі жаңадан тағайындалған елшісі, ТМД Жарғылық органдары жанындағы Тұрақты өкіл Тимур Жақсылықовты қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы қазақ-беларусь стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту маңызды екенін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Тимур Жақсылықовқа Қазақстан мен Беларусь Республикасы арасындағы көп жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ ТМД-ның жарғылық органдарымен ықпалдастықты ілгерілету жөнінде бірқатар міндет жүктеді.

Өзгелердің жаңалығы