Президент темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды

15 Желтоқсан 2023, 15:02
1059
Бөлісу:
Президент темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев MODEХ Astana темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Президент елордағы өндіріс нысандарын аралау барысында MODEХ Astana ЖШС-нің жұмысымен танысты.

MODEХ Astana – BI Group холдингінің еншілес кәсіпорны. Компания 2020 жылдан бастап жұмыс істейді және онда 360 адам еңбек етеді. Жобаның құны – 16 миллиард теңге.

Президент темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды

Кәсіпорында индустриялық-модульдік құрылыстың инновациялық технологиялары қолданылады.

BI Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаевтың айтуынша, модульдік үйдің құрылысы әртүрлі ғимарат салу уақытын едәуір қысқартуға, олардың өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл халықтың басым бөлігі үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуына ықпал етеді.

Президент темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды

Аталған технологияны үйлердің, коттедждер мен тұрғын үй кешендерінің құрылысы кезінде ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын салу барысында да қолдануға болады.

Компания құрылған күннен бастап осы технология бойынша жалпы ауданы 200 мың шаршы метрден астам нысандар салды.

Президент темірбетон конструкцияларын шығаратын зауытқа барды
Өзгелердің жаңалығы