Президент сынаған Энергетика министрі отставкаға кете ме?

12 Желтоқсан 2022, 13:41
980
Бөлісу:
Президент сынаған Энергетика министрі отставкаға кете ме?
Фото: автордан

Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бүгін өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Энергетика министрлігі Екібастұздағы ЖЭО-ға қатысты бейқамдық танытқандығын айтқан болатын. Министр осы мәселеге қатысты өз пікірін ортаға салды. 

Негізі Екібастұзда болған жағдайға бір мекемені, болмаса бір адамды кінәлауға болмайды. Өздеріңіз комиссия жұмысын қорытындыларын көрдіңіздер. Оның ішінде адам факторы да бар. Жылу тораптары желілерінің жұмысына да байланысты жайттар бар. Қазандықтарды тексеріп, бірақ кейбір ЖЭО-лардың істемей қалуының бәрі кешенді мәселе, - деп атап өтті ведомство басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін кулуарда журналистерге берген сұхбатында. 

Отставкаға кету туралы да өз ойын айтты. 

Қажет болса, барамыз. Бұл менің қолымда емес қой, - деді Болат Ақшолақов. 

Өзгелердің жаңалығы