Президент субсидия туралы: Пысықайлар бюджет қаржысына шалқып өмір сүрген

19 Сәуір 2023, 11:24
900
Бөлісу:
Президент субсидия туралы: Пысықайлар бюджет қаржысына шалқып өмір сүрген
Фото: aikyn.kz

Президент мемлекеттің өнім өңдеуге беретін субсидиясын басқа мақсатқа қолданатындарды сынға алды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметте өтіп жатқан еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте мәлімдеді.

2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген. Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Айтуынша, субсидия беру жүйесі баршаға бірдей қолжетімді емес.

Оның үстіне, субсидия беру жүйесі өте күрделі және қажетті мәлімет көпшілікке қолжетімді емес. Субсидия бөлуді реттейтін жаңа цифрлық жүйе бұл түйткілді шеше алмай тұр, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Президент сөзден іске көшетін уақыттың келгенін айтқан болатын. Айлықтың жартысы азық-түлікке кетеді. Тоқаев қымбатшылық мәселесін де көтерді.

Өзгелердің жаңалығы