Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

16 Қыркүйек 2022, 16:50
1749
Бөлісу:
Президент ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың басым бағыттарына тоқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ жиында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей Президенті Владимир Путин, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер басшылары мен саммиттің құрметті қонақтары – Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Иран Президенті Ибрахим Раиси, Моңғолия Президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев, Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов, сондай-ақ ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік террорға қарсы құрылымның (ӨТҚҚ) Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло сөз сөйледі. 

Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқанд декларациясы қабылданды

Өзгелердің жаңалығы