Президент сайлауы. BAQ.KZ ақпарат агенттігіне ақпарат жариялау шарты

Президент сайлауы. BAQ.KZ ақпарат агенттігіне ақпарат жариялау шарты

2022 жылғы 20 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысушы Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттарға «Qazcontent» акционерлік қоғамының baq.kz сайтының алаңын ұсыну шартты.

«Qazcontent» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қоғам) - https://baq.kz / сайтының меншік иесі  (бұдан әрі - Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды (бұдан әрі – Кандидат) Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 1019 Жарлығымен тағайындалған 2022 жылғы 20 қарашадағы кезектен тыс сайлауға қатысу үшін сайлау алдындағы үгіт-насихат материалдарын (бұдан әрі – үгіт-насихат материалдары) Сайтта жариялау үшін төлем мөлшері, интернет-алаңдарды ұсыну шарты мен реті туралы ақпараттандырады.

Сайлауалды үгіт-насихат Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлаудан бір күн бұрын жергілікті уақыт бойынша сағат 00:00 аяқталады. Осылайша, Сайтта үгіт-насихат материалдарын жариялау 2022 жылғы 21 қазан сағат 18.00-ден 2022 жылғы 19 қараша сағат 00.00-ге дейін жүргізіледі.

Сайт меншік иесі басшысының атына жазбаша өтініш беру және Сайт меншік иесі мен Кандидат арасында не Кандидаттың уәкілетті өкілімен жасалатын шарт негізінде Сайт интернет алаңын ұсынады. 

Өтініш Кандидаттардың өтініштерін тіркеу журналында кезек ретімен, әрбір жазбаша өтінішке өтініштің реттік нөмірі мен келіп түскен күнін беру арқылы тіркеледі. Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі тиіс:

1. Кандидаттың тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2. Кандидат өкілінің өкілеттігін растайтын құжат;

3. Өтініш беруші тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4. Шарт жасасу үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат;

5. Үгіт-насихат материалдарында суреті бар тұлғалардың фотобейнесін пайдалануға жазбаша келісімі.

Үгіт-насихат материалдарының саны, хронометражы, жариялануының болжамды күні мен уақыты Кандидаттың не оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі.

Кандидаттардың үгіт-насихат материалдары Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен немесе өтініштер бірдей уақытта түскен жағдайда жеребе тасталу арқылы белгіленеді. 

Жарияланған материалдар Desktop нұсқасында, мобильді нұсқада және Сайттың мобильді қосымшасында қолжетімді болады.

Үгіт-насихат материалдары сайтқа орналастыру күніне дейін 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірілмей HTML5, GIF, JPEG, PNG, Microsoft World форматында ұсынылады.

Үгіт-насихат материалдары қаржыландыру көздері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Кандидат ұсынған үгіт-насихат материалдар мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сай болуына дербес жауапты болады.

Сайттың меншік иесі конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа табыну, заңмен қарастырылмаған әскери құрылымдар құру, сонымен қатар басқа да Қазақстан Республикасының Президенттігіне Кандидаттың адамгершілік абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда үгіт-насихат материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Кандидаттар Сайт меншік иесінің талабы бойынша үгіт-насихат материалдарында көрсетілген ақпаратты растайтын құжаттарды ұсынады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет алаңды ұсыну шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Президент сайлауы. BAQ.KZ ақпарат агенттігіне ақпарат жариялау шарты
Президент сайлауы. BAQ.KZ ақпарат агенттігіне ақпарат жариялау шарты
Президент сайлауы. BAQ.KZ ақпарат агенттігіне ақпарат жариялау шарты

Сайтта үгіт-насихат материалдарын орналастырғаны үшін жасалған шарт бойынша төлемақы Сайттың меншік иесі төлемақыға ұсынған есепшот негізінде есепшот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Сайттың меншік иесі жазбаша өтініштерді демалыс және мереке күндерінен басқа, 2022 жылғы 17 қазаннан бастап 2022 жылғы 17 қараша аралығында сағат 10:00-ден сағат 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылдайды: Қазақстан Республикасы Астана қаласы, Есіл ауданы, Қабанбай батыр даңғылы, 17-ғимарат, 17 т.е.ү. Тел.: 95-45-50.

Жазбаша өтініштер факсимильді және интернет байланысы арқылы қабылданбайды. 

Бөлісу:

Фото: BAQ.KZ