Президент сайлауы – 2022: дауыс беру басталды

20 Қараша 2022, 07:00
6880
Бөлісу:
Президент сайлауы – 2022: дауыс беру басталды

Бүгін республиканың 15 өңірінде кезектен тыс президент сайлауы басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Абай облысында – 475, Ақмола облысында- 717, Алматы облысында – 606, Шығыс Қазақстан облысында – 537, Жамбыл облысында – 493, Жетісу облысында – 447, Қарағанды облысында – 642, Қостанай облысында – 745, Павлодар облысында – 528, Солтүстік Қазақстан облысында – 640,, Түркістан облысында – 919, Ұлытау облысында – 136, Астана қаласында – 406, Алматы қаласында - 600, Шымкент қаласында 311 сайлау учаскесі жұмысына кірісті.

Ал қалған 5 өңірде – Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де, астана уақытымен сағат 08:00-де басталады.

Өзгелердің жаңалығы