Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 9 маусым күні президент сайлауы өтеді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстан халқына үндеуінде 2019 жылғы 9 маусым күні президент сайлауы өтетінін хабарлады.
Еске салсақ, 2019 жылғы 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігінен бас тартатыны туралы мәлімдеме жасап, орнына Қасым-Жомарт Тоқаевты қойған болатын.